АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРШАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ "ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП - ЛИЦЕЙ" КММ
КГУ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ СЕЛА ЖИБЕК ЖОЛЫ" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АРШАЛЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Мектепке тіркеу үшін құжаттарды қабылдау

Мектепке қабылдау шарттары

1.ХҚКО-да алуға болатын ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) (Халыққа қызмет көрсету орталығы);

2.Соңғы нұсқадағы NCALayer орнатылған бағдарламалық жасақтамасының болуы қажет. Сіз ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайтынан мына мекен-жай бойынша көшіріп ала аласыз: https://pki.gov.kz;

3.Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін "Google Chrome"браузерін пайдалану қажет;

 

Мектепке қабылдау шарттары

E.gov.kz электрондық үкімет порталының басты бетіне кіріп «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» қызметін таңдау керек.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілкен «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;

2) туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылса);

3)денсаулық жағдайы туралы анықтамаларының («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан және «Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген)) электрондық көшірмесі;

4) баланың 3х4 сантиметр өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.

Жаңартылған күні: 22.04.2019 11:17
Құрылған күні: 23.02.2022 14:29

Мемлекеттік қызмет

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының мектеп-лицейі»КММ

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының мектеп-лицейі»КММ  2023 жылғы  мемлекеттік қызметтер көрсету есебі

      «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының мектеп-лицейі»КММ   Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында Қарасу көшесі 19 ғимаратында орналасқан. Мектеп 2023 жылы  қыркүйек айында қолданысқа берілді. Мектептің оқыту тілі –аралас ,яғни  қазақша және орысша. Қазіргі уақытта мектепте- 503 оқушы бар. Барлық жұмыскерлер саны- 85, оның -58-і мұғалімдер.

     Мектеп мемлекеттік қызмет қөрсетудің келесі түрлерін ұсынады:

403015 - Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау  бойынша  47 (қырық жеті ) адамнан  құжат қабылданды.

403007- Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну бойынша 315 (үш жүз он бес) адамнан құжат қабылданды.

403008 -Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша 9 (тоғыз)  адамнан құжат қабылданды

403003- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау  бойынша 503 (бес жүз үш) адамнан құжат қабылданды.

403004- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдаубойынша  1 (бір) адамнан құжат қабылданды.

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 875 (сегіз жүз жетпіс бес) адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ұйымдар тізімі
Текст