АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АРШАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ "ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП - ЛИЦЕЙ" КММ
КГУ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ СЕЛА ЖИБЕК ЖОЛЫ" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АРШАЛЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Жаңалықтар


Мемлекеттік қызмет

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының мектеп-лицейі»КММ

«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының мектеп-лицейі»КММ  2023 жылғы  мемлекеттік қызметтер көрсету есебі

      «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының мектеп-лицейі»КММ   Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында Қарасу көшесі 19 ғимаратында орналасқан. Мектеп 2023 жылы  қыркүйек айында қолданысқа берілді. Мектептің оқыту тілі –аралас ,яғни  қазақша және орысша. Қазіргі уақытта мектепте- 503 оқушы бар. Барлық жұмыскерлер саны- 85, оның -58-і мұғалімдер.

     Мектеп мемлекеттік қызмет қөрсетудің келесі түрлерін ұсынады:

403015 - Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау  бойынша  47 (қырық жеті ) адамнан  құжат қабылданды.

403007- Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну бойынша 315 (үш жүз он бес) адамнан құжат қабылданды.

403008 -Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша 9 (тоғыз)  адамнан құжат қабылданды

403003- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау  бойынша 503 (бес жүз үш) адамнан құжат қабылданды.

403004- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдаубойынша  1 (бір) адамнан құжат қабылданды.

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 875 (сегіз жүз жетпіс бес) адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ұйымдар тізімі
Текст